Қарағанды ​​облысында жоғалған екі ер адам табылды

110

17 қаңтар күні сағат 11:45–те із-түзсіз жоғалғандар туралы кезекші пунктке хабарланған.

Қарағанды ​​облысында жоғалған екі ер адам табылды Фото: canva

Қарағанды ​​облысының полицейлері Абай ауданында жоғалып кеткен екі ер адамды тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша олар 16 қаңтар күні кешке "Тойота Лэнд Крузер" көлігімен мал іздеп, Кварц қыстауынан Айда қыстауы бағытына шығып, одан кейін хабарсыз қалған.

Іздестіру кезінде туыстары көлікті Айда қыстауынан тауып алды. Алайда ішінде адам болмаған. Одан кейін полиция Төтенше жағдайлар департаменті мен еріктілерді тарта отырып, іздеу-құтқару жұмыстарын бастады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 39 және 68 жастағы ер адамды тапты. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу