Қарағанды облысында жоғалған жасөспірім табылды

90

Ол 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған еді.

Қарағанды облысында жоғалған жасөспірім табылды Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысының Абай қаласында із-түссіз жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиғаға қатысты Полиция басқармасы түсініктеме берді. Белгілі болғандай, 2 сәуірге қараған түні Абай аудандық Полиция басқармасына 13 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Полиция басшылығының нұсқауымен бірден дабыл арқылы барлық жеке құрам көтеріліп, іздестіру жұмысы жүргізілді.

"Іздестіру жұмысына полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан, ТЖД-ның жеке тікұшағы жұмылдырылды. Сол сияқты да еріктілер де атсалысты.

Іздестіру жұмысы барысында азаматтар полицейлермен бірге жоғалған жасөспірімді тапты. Қазір бала аман-есен. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады", – делінген хабарламада.

Өз кезегінде Төтенше жағдайлар министрлігі жоғалған баланың Абай қаласынан 15 км қашықтықтағы далалы жерден тапқанын хабарлады. Жасөспірімге медициналық көмек қажет болмаған.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысы Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу