Биыл Қарағанды облысында "Global Lime Industries" ЖШС-ның "Сарыоба әктас кен орны базасында жоғары сапалы әктас өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу" жобасы жүзеге асады, деп хабарлайды abctv.kz.
Жобаның жалпы құны 8100 млн теңгені құрайды. Ол бойынша 105 жұмыс орны ашылады деп көзделуде.
Егер жоба ойдағыдай жүзеге асса, зауыт орналасатын Осакаров ауданының инфрақұрылымына оң ықпал етпек, сол өңірде жоғары білікті мамандардың қалыптасып, тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына мұрындық болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу