Ақсу-Аюлы селосының маңында "Ауди" автокөлігі жүк көлігіне соқтығысып, жеңіл көліктің 4 жолаушысы мен жүргізушісі қаза болды, деп хабарлайды 24.kz.
Алдын-ала жасалған сараптамаға жүгінсек, "Ауди" көлігінің қожайыны рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Қаза болғандардың барлығы да Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.
Айта кетейік, осыдан тура осы апта бұрын дәл осы тасжолда, Спасск маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, 5 адам ажал құшқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу