Қарағанды облысында жол көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ІІМ-не сілтеме жасап.
"20 маусым күні сағат 18.15 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолында, Қарағанды қаласына 20 шықырым жетпей, "Тайота камри" және "Ниссан" автокөліктерінің қатысуымен жол көлік оқиғасы болды.
Салдарынан 6 адам дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - деп жазды ведомстводан.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.