Қарағанды облысында жол сапасын енді жаңа ведомство бақылайды

1302

Мамандар күн сайын асфальт төсейтін учаскелерге барып, материал сынамасын алып, технологиялық нормалардың сақталуын қадағалайтын болады.

Қарағанды облысында жол сапасын енді жаңа ведомство бақылайды

Қарағанды облысында биыл 1 мың шақырым жол жөнделеді

Биыл қалалар мен аудандардағы, сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар автожолдар жөнделетін болады

Жол сапасын енді жаңа ведомство – жол активтері сапасының ұлттық орталығы қадағалайтын болады. Ұйымның штатында 25 адам қызмет етеді. Мамандар күн сайын асфальт төсейтін учаскелерге барып, материал сынамасын алып, технологиялық нормалардың сақталуын қадағалайтын болады.

Осы жылы облыс орталығында Республика даңғылы мен Тәттімбет көшесін жалғайтын жол құрылысы аяқталуға тиіс. Тағы екі жаңа жолдың құрылысы басталады, олардың бірі – айналма, ал екіншісі салынып жатқан көтерме-тарату логистикалық орталығына апаратын жолдар.

Новодолинка-Шахан, Қарабас-Жартас-Долинка және Ақтоғай-Балқаш жолдарында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, биылғы жылы Қарағанды қаласынан Саран және Шахтинск шаһарларына баратын тас жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

Су тасқынына қарсы шаралар аясында төрт көпір мен 12 су өткізу құбырын жөндеу жоспарлануда. Қарағанды-Тоғызқұдық-Ботақара тас жолындағы су өткізу құбырын күрделі жөндеу шілде айында аяқталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу