Қарағанды облысында жолаушылар автобусы қар құрсауынан шығарылды

410

Зардап шеккендер жоқ.  

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы қар құрсауынан шығарылды Фото: Видеодан скриншот

Қарағанды облысында 30 жолаушы мінген автобус қар құрсауынан шығарылды, деп жазады inbusiness.kz Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.  

Ұлттық оператордың мәліметінше, 5 қаңтар күні кешкі сағат 21:30 шамасында Қарағанды-Балқаш автожолының 1750 шақырымында жолаушылар автобусы қар құрсауынан шығарылды.

"Автобус жүргізушісі айналма жолға шығып, адасып кетті. Кейін ол ҚазАвтоЖолдың бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, көмек сұрады. Оқиға орнына келген жолшы мамандар көмек қолын созды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу