Қарағанды облысында жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

387

Мақсұт Жолдыбайұлы Қожанов Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.  

Қарағанды облысында жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасына жаңа басшы тағайындалды Фото: gov.kz

Осы тағайындауға дейін ол Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Мақсұт Қожанов 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. "Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ-де жұмыс істей бастады – жетекші маманнан мекеме басшысының орынбасарына дейінгі мансап жолынан өтті.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Саран қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс мәселелері жөніндегі орынбасары болды. 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің абаттандыру мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Екі жоғары білімі бар. 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы" мамандығы бойынша, инженер; 2009 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, құқықтану бакалаврын бітірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу