Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында жөндеуден соң Қарағанды-Тоғызқұдық-Ботақара облыстық маңызы бар авто жолдағы көпір ашылды, деп хабарлайды өңір әкімінің бапасөз қызметі.
Нұра өзенінің үстімен өтетін бұл көпір 2015-ші жылы көктемгі су тасқынының салдарынан бұзылған болатын. Ол республикалық және облыстық бюджет есебінен қалыпқа келтірілді. Жөндеу жұмыстары 2016-шы жылдың қыркүйегінде басталып, өткен жылдың желтоқсанына дейін жалғасқан.
Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ұзындығы 132 метрді құрайтын төрт аралық көпір бұрынғы қалпынан бір метрге биіктеді. Өткелдің ашылуын автокөлік иелері тағатсыздана күткен болатын, себебі оларға айналма жолмен 9 шақырым артық жол жүруге тура келген.