Қарағанды облысында жұмысшыны пойыз қағып өлтірді

476

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Қарағанды облысында жұмысшыны пойыз қағып өлтірді Фото: Inbusiness.kz

Қарағанды ​​облысында бүгін "Шұбаркөл Көмір" акционерлік қоғамының ішкі теміржол желісінде жұмысшыны пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Аталған мекеме жұмыс барысында орын алған қайғылы жайтқа қатысты түсінік берді.

"2024 жылы қаңтардың 15-і күні “Шұбаркөл көмір” АҚ ішкі теміржол жолдарында жұмысшының қаза табуына әкеп соққан жазатайым оқиға орын алды. Жұмыс барысында бағыттамалық бекеттің кезекшісі бос вагондардың қозғалмалы құрамының астына түсіп кеткен", - делінген хабарламада.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыс басталған.

"Шұбаркөл көмір ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу