Қарағанды облысында жүргізуші жолаушыларды алып кетуден бас тартқаны үшін пышақ жарақатын алды

836

Абырой болғанда, күдікті дереу құрықталды. 

Қарағанды облысында жүргізуші жолаушыларды алып кетуден бас тартқаны үшін пышақ жарақатын алды Фото: Vgorode

"Олар мені аялдамада тоқтата бастады. Әйел және оның артында тағы бір адам болды. Олар Астанаға жеткізіп таста деді. Мен қабылдағым келмеді. Оларға шыны керек, қарадым. Есікті жауып жатқанымда, қасындағы адам есікті ашып,  пышақпен маған жүгірді", - деді жәбірленуші.

Жәбірленушінің айтуынша, ол Астана компанияларының бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтін көрінеді. Сол жерге өз көлігімен барған. Әйел Нұра ауданы, Ахмет ауылының аялдамасында қолын көтеріп, көлік тоқтатып тұрған. Жүргізуші агрессияға бой алдырмадым деп ағынан жарылып отыр. Әйел шабуылдаушыны танитындығын айтады. Бейне әлеуметтік желілерде тарады. Адамдар жүргізушінің қанын тоқтатудың орнына жауап алғанына қатты ашуланды. Оқырмандардың көбі қазір адамдар мұндай сұмдыққа бей-жай қарайды деп санайды. Ал, мұндай шабуылдан кейін жүргізушілер жолаушыларды алып кетуді тоқтатады және егер біреу көмекке шын мұқтаж болса, оны ешкім алып кеткісі келмей қалады деп ойлайды.

"Қарағанды облысының Нұра ауданында полиция 14 наурызда жергілікті тұрғынға пышақ салды деген күдіктіні дереу ұстады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жауап берді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу