Қарағанды облысында жыл басынан бері КВИ-дің 500-ден астам жағдайы тіркелді

431

Тиісті ақпаратты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. 

Қарағанды облысында жыл басынан бері КВИ-дің 500-ден астам жағдайы тіркелді Фото: inbusiness.kz

Қаңтар айынан бастап 19 ақпанға дейінгі аралықта коронавирустық инфекцияның 572 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 554 жағдай – симптомдармен, 18 жағдай – айқын клиникалық белгілерсіз, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.

Пандемия басталған уақыттан (2020 жылғы наурыздан бастап) биылғы 19 ақпанға дейін коронавирус расталған 163 662 жағдай (Ұлытау облысын есептегенде), оның ішінде Қарағанды облысының аумағында 162 466 жағдай тіркелді.

Аймақта соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың 9 жаңа дерегі тіркелді.

Соңғы аптада КВИ-мен ауыру көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 7,9%-ға азайды. Департаменттің мәлімдеуінше, тәулігіне орта есеппен 16 жағдайға дейін тіркеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу