Үміткер ауылындағы жылқылар арасында тараған індет зерттеледі

391

Тиісті зерттеу ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты комитетке жүктелген.  

Үміткер ауылындағы жылқылар арасында тараған індет зерттеледі Фото: Inbusiness.kz

Жалпы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылында былтыр мамырдан бері эпизоотиялық лимфонгоиті бойынша карантин енгізілген. Аталған елдімекендегі 185 бас жылқы жойылып, республика қазынасынан өтемақы төленген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үмiткер ауылдық округiндегi эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi арнайы комиссия құрды, оның құрамына келiсiм бойынша "Ветеринария жөнiндегi ұлттық референттiк орталық" ШЖҚ РМК, ҚР АШМ мамандары және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Ғылыми биологиялық қауіпсіздік проблемаларының зерттеу институты" қызметкерлері енгізілді.

Арнайы комиссия 2-3 ақпанында мониторинг жүргізу үшін Үміткер ауылдық округіне барды. Олар Үміткер, Төрткөл, Үлгі ауылдарындағы сау, жайылымда жүрген және ауру жылқылардан биологиялық және патологиялық материалдар сынамаларын алды. Сондай-ақ, мамандар жергілікті тұрғындармен кездесті.

Айта кетейік, комиссияға "Ержан" шаруа қожалығының иесі сынама алу үшін жылқыларын бермеген. Сол себепті, 6-7 ақпанда Үлгі ауылында жылқылардан қосымша 11 сынама және Төрткөл ауылындағы, атап айтқанда, "Ержан" шаруа қожалығындағы 2 жылқыдан сынама алды.

Алынған сынамалар Республикалық ветеринариялық зертхананың Қарағанды филиалына жеткізіліп, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына жіберілді. Зерттеу нәтижелері әзір болғанда жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу