Қарағанды облысында жылқылар белгісіз аурудан өліп жатыр

188

Тұрғындар дертке шалдыққан малдарды бір қораға жинап, "оқшаулаған".  

Қарағанды облысында жылқылар белгісіз аурудан өліп жатыр Фото: видео скриншот

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Төрткөл ауылында жылқылар белгісіз аурудан қырылып жатыр. Жергілікті тұрғындар мамандар бұл мәселені қолға алмай отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Патриот" телеграм арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, шенеуніктер өтемақы төлемеу үшін әдейі уақыт созып, келмей жүрген көрінеді. Тұрғындар биыл ақпан-наурызда төрт түлік малы лимфангит инфекциясын жұқтырғанын, оның өтемақысын әлі күнге дейін алмағанын айтады.  

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аудан әкіміне, сондай-ақ ветеринариялық бақылау басқармасының бастығы мен ауыл шаруашылығы басқармасының бастығына ауылға барып, заңға сәйкес түсінуді тапсырды.

"Бүгін ауданға барып, жағдайды түсініп, маған хабарлаңыз. Сіз маған жағдайды егжей-тегжейлі түсіндіріп бересіз", - деп тапсырды Ермағанбет Бөлекпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу