Қарағанды облысында жылыту маусымы сәтті басталды

364

"Қазақмыс" корпорациясына қарасты энергетикалық нысандар қысқы маусымға 100 пайыз дайын.

Қарағанды облысында жылыту маусымы сәтті басталды Фото: inbusiness.kz

Жазда инвестициялық бағдарлама аясында "ГРЭС Топар" ЖШС-нің қазандықтары мен турбиналарға күрделі жөндеу жүргізілді. Ал, Балқаш жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталмақ. Қазіргі таңда қала тұрғындарының 60 пайызы жылумен қамтамасыз етілген. Тағы қандай бастамалар қолға алынды?

1200 адам жұмыс істейтін "ГРЭС Топар" ЖШС - Қарағанды облысындағы –маңызды электр станциясы. Ол Абай қаласы мен Топар кентін жылумен қамтамасыз етеді. Жылыту маусымы басталғалы бері кәсіпорын көмірді артығымен алып, резервтік жабдықтармен де толықтай қамтылған. Атап айтқанда, қазандықтар мен турбиналар жаңартылған. Сондай ақ, насосты және шаң сорғыш жабдықтарға электр энергияны үнемдеу үшін, жиіліктік-реттемелі жетектер орнатылған.

"Біз қысқы маусымдық жұмыс кезеңіне 100 пайыз дайындықпен кірісіп отырмыз. Осыған дейін жүйелі түрде жұмыстар жүргізілді. Жаңғырту мен жабдықтауды тиімді іске асыру энергетикалық кәсіпорындағы табысты қадам десек болады. Станция қазандығындағы әрбір ақаудың алдын алып, тиімділік пен үнемділікті де қолға алдық. Технологиялық жаңару - жаңа мүмкіндіктерге жол ашты", - дейді "ГРЭС Топар" ЖШС-ның жобалық топ жетекшісі Константин Филипцов.

"Қазақмыс" корпорациясының инвестициялық бағдарлама аясында станцияның қазандықтары мен турбиналары жаңартылған. "ГРЕС Топардың" жабдықтарын жөндеуге және жаңартуға 5,7 млрд теңге бөлінсе,  "Балқаш жылу электр орталығына" "Қазақмыс" компаниясы 2,4 млрд теңге бөлген. Аталған соммаға № 9, 7, 8 қазандық агрегаттары мен 2, 3, және 6-шы турбоагрегаттарына жоспарлы ағымдағы және кеңейтілген жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, нөмірі алтыншы қазандыққа күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда қаланың 60 пайыз тұрғыны жылумен қамтамасыз етілді. 

"Жылыту мауысымына 3 қазандық және 3 турбина жұмыс істеп тұр. Қазанның ортасында төртінші қазандық іске қосылады. Ал, қараша айында 4 қазандық пен 4 турбина толық жұмыс істейді. Биыл бізге 2,4 миллиард инвестиция бөлінді. 1 коммутаторды 10,5 киловольтке арналған трансформаторға ауыстырдық. Жабдықтарды жаңарту жұмыстары жүргізілді. Енді қуат сорғышын ауыстыруды жоспарлап отырмыз", - дейді БЖЭО бас инженерінің орынбасары Ермек Жұмақанов.

Мамандардың айтуынша, "Балқаш жылу электр орталығы" жылыту маусымына дайын. Ал, алтыншы қазандықтағы күрделі жұмысты бесінші қарашаға дейін аяқтаймыз деп отыр. Жалпы "Қазақмыс" компаниясына тиесілі энергетикалық кәсіпорындар осылайша уақытылы жүргізген жаңғырту жұмыстары арқасында қысқы маусымды штатты режимде өткізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу