Қарағанды облысындағы 3 ауылда төтенше жағдай жарияланды

411

Жергілікті атқарушы органның тиісті шешімі “Ашық НҚА” порталына жария етілді.

Қарағанды облысындағы 3 ауылда төтенше жағдай жарияланды Фото: gov.kz

Қарағанды облысындағы үш ауылда дала және орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

“Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы ауылдық округтерінің аумағында 2023 жылдың 14 шілдесінен дала және орман өрттерінің орын алуына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын”, - делінген жария талқылауға ұсынылған Шет ауданы әкімінің шешімінде.

Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу