Қарағанды облысындағы 38 елді мекеннің жолдары жөнделді

916

Келесі жылы "Жезқазған-Қызылорда" автожолының Қарағанды облысындағы учаскесінде құрылыс жұмыстары басталады.  

Қарағанды облысындағы 38 елді мекеннің жолдары жөнделді

Қарағанды облысы бойынша "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында соңғы үш жылда 38 ауылдық елді мекеннің 1,5 мың шақырым жолы жөнделді. Бұл туралы өңір әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Республикалық маңызы бар 674 шақырым трассаны және жергілікті желінің 800 шақырымнан астам автожолын реконструкциялау жалғасуда. Жалпы ұзындығы 513 шақырым болатын "Қарағанды-Балқаш" және "Балқаш-Бурылбайтал" жаңа жолымен жүру қамтамасыз етілді", – деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысының айтуынша, келесі жылы "Жезқазған-Қызылорда" автожолында Қарағанды облысының учаскесінде құрылыс жұмыстары басталуы тиіс.

"Сапалы жол Жезқазған мен Сәтпаевтың сауда-көлік байланысын күшейтуге, сондай-ақ жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу