Қарағанды облысындағы 4 ауылға карантин енгізілді

362

Жылқы малын сою, еті мен сүтін тұтынуға тыйым салынды.  

Қарағанды облысындағы 4 ауылға карантин енгізілді Фото: kstnews.kz

Қарағанды облысындағы 4 елді мекенде жылқы арасында эпизоотиялық лимфангит ауруы тарап, карантин жарияланды, деп жазады inbusiness.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Былтыр мамыр айында Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында қамбар ата түлігі белгісіз кеселден қырылған еді. Зертханалық тексеруден соң оның "Африкалық сап" деп аталатын кесел екені расталған. Жылқыға жұқса денесін ірің жайлап, жүріп-тұрудан қалады екен. Кейін осы Үміткер ауылына қарасты Үлгі және Төрткөл бөлімшелерінде де мал арасында ауру тарады. Сондай-ақ, Қарқаралы ауданына қарасты Ынталы ауылында да екі бас жылқы ауырған. Қазір барлық 4 елді мекенде карантиндік шаралар күшейтілді. Жылқы малын сою, еті мен сүтін тұтынуға тыйым салынды. Ауырған 180 бас мал анықталып, көзі жойылды. Тағы 10-нан астамы оқшауланған. 

"Бұл ауруға тән бүгінгі кезде Отар ғылыми-зерттеу институтының биологиялық проблемалар бойынша ғылыми-зерттеу институтынан вакцина шығарылған. Ол зертханалық жай-күйде тексеріліп бүгінгі күнде дайын. Енді осы вакцинаны осы мынау практикалық түрде жаңағы карантин қойылған аумақтың сау малдарына егу жүргізуге дайынбыз", - деп мәлімдеді облыстық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу