Қарағанды облысындағы 9 қалалық кент тозып тұр

824

Қала үлгісіндегі кенттердегі әлеуметтік мәселелерді шешу қажет. 

Қарағанды облысындағы 9 қалалық кент тозып тұр

Сенатор Рысқали Әбдікеров осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мұндай елдімекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның және білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының жағдайы сын көтермейді", – деді депутат. 

Оның сөзінше, бұған Қарағанды облысында орналасқан ауылдарды мысал ретінде келтіруге болады. 

"Ресми мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысындағы 9 қалалық кенттегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желісінің тозуы орташа есеппен алғанда 63,5%-ды құрайды. Оның ішінде: сумен жабдықтау – 59%, кәріз желісі – 83%, жылумен жабдықтау – 42%, электрмен жабдықтау 70%-ға жеткен. Мектептер мен ауруханалардағы инфрақұрылымның тозу деңгейі шамамен 45%. Өзекті мәселені шешу үшін қомақты қаржы қажет екені түсінікті", – деді Рысқали Әбдікеров.

Сенатордың сөзінше, мұндай ауылдарда мұғалімдер мен дәрігерлердің тапшылығы қатты сезіледі. 

"Мәселені шешу үшін әрбір шағын қала мен қалалық кенттердің ресурстық əлеуетін ескере отырып дайындаған жеке инновациялық даму стратегияларының негізінде салалық мемлекеттік бағдарламаны қайта қарауды және "Ауыл – ел бесігі" жобасын қалалық кенттерге қолдану мүмкіндігін қарастыру ұсынамын", – деді Рысқали Әбдікеров.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу