Қарағанды облысындағы аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды

464

Қарағанды облысы аумағындағы Шет ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысындағы аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұрғын үйлерді су басу қаупі бар алты жағдай тіркелді, оның  үшеуі  Шет ауданындағы үш елді мекенде орын алды. Су басқан үйлерден алдын ала 292 адам эвакуацияланды, оның ішінде 114 бала.

"Аудандағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі болып отыр. Сонымен қатар тасқын су инженерлік желілерге зақым келтірмеді, елді мекендермен байланыс үзілген жоқ. Менің шешіміммен ауданда төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындарға шығынды есептейтін арнайы комиссия құрылды. Сенім телефоны 8 (710 31) 21-3-04, 21-5-09 жұмыс істейді", - деп мәлімдеді аудан әкімі Мұхит Мұхтаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу