Қарағанды облысындағы бес көшенің атауы қазақшаланады

475

Ақтас кенті әкімінің шешім жобасы жария талқыға ұсынылды. 

Қарағанды облысындағы бес көшенің атауы қазақшаланады Фото: inbusiness.kz

Қарағанды облысы Саран қаласына қарасты Ақтас кентіндегі 5 көше атауы өзгереді, деп жазады inbusiness.kz. 

Ленинградская көшесінің атауы Әлия Молдағұлова көшесіне, Бородин көшесі – Бейбітшілік көшесіне, Городская көшесі – Кеншілер көшесіне, Привольная көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі деп қайта аталады. Ал 8 Марта және Трансортная көшелері біріктіріліп, Қаныш Сәтбаев көшесі болып өзгермек. 

Құжатта тиісті шешім Қарағанды облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысына негізделгені, сондай-ақ Ақтас кенті тұрғындарының пікірі ескерілгені туралы айтылған. 

Құжатты көпшілік талқылау мерзімі – 19 қыркүйекке дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу