Зардап шеккендер Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінің тұрғындары. Олар ауруханаға жеткізілген. Біреуінің жағдайы ауыр, денесінің 90%-ын күйік шалған.
Құтқарушылар бір тәулікте 6 дала өртін сөндірген. Жалын Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарындағы 3 мың гектар аумақты шарпыған.
Өртті сөндіруге 300-ден астам маман мен 90-нан аса техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу