Қарағанды облысындағы дала өртінде малдардың қырылғаны рас па?

165

Әлеуметтік желілерде Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында дала өртінен малдар зардап шегіп жатқаны туралы видео пайда болды.

Қарағанды облысындағы дала өртінде малдардың қырылғаны рас па? Фото: ҚР ТЖМ

Посттың астында жануарлар қырылуы мүмкін деп жазылған.

Алайда аудан әкімі мал шығынына қатысты деректер тіркелмегенін мәлімдейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарқаралы ауданы әкімінің айтуынша, дала өртін жою үшін барлық шара қабылдануда. Күш пен қаражат жеткілікті. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұл туралы ол "24KZ" телеарнасының тікелей эфирінде мәлімдеді.

"Теректі ауылында ТЖ жөніндегі вице-министрдің қатысуымен жедел штаб ашылды. Өртті жою бойынша барлық шара қабылдануда. Күш пен қаражат жеткілікті. ЖЖМ толығымен қамтамасыз етілген. Құтқарушыларға тамақ пен су жеткізілуде. Қазіргі уақытта мал шығыны туралы ақпарат жоқ. Алайда біз барлық фермермен байланыстамыз", – деді Әділжан Арғынов. 

Ол барлық жұмыс штабтың бақылауында екенін атап өтті. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді, өртті сөндіруді қатты екпінді желдің соғуы қиындатуда. Қазіргі уақытта өрт ауданы 35 000 гектарды құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу