ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев пен Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов Нұра ауданының су тасқыны қаупі бар елдімекендерден ұшып өтті, деп хабарлайды ІІМ төтенше жағдайлар комитеті.
Ұшып өту бағыты Нығман, Ақтүбек, Баршино елдімекендерінің аумағы, Қон және Жаман-қон өзендерінің арнасы, сонымен қатар Қарасай және Файз бөгеттері арқылы өтті.
Ұшып өту барысында Нығман ауылына қону орындалды. Нығман ауылы жыл сайын ту тасқыны кезінде ауылдың жан-жағына таситын, Қон және Құланөпес өзендеріне құятын Қорғалжын қорығының Теңіз өзені маңында орналасқан. Ауылда су тасу қаупі жоқ. Елдімекен қорғаушы бөгет пен жүру бөлігімен, жүзу құралдарымен және автономды электр жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етілген.
Ұшу барысында моторлы қайыққа қозғалтқыш жеткізілді. Су тасқыны басталмастан бұрын, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін тұрғындар санатын ауылдан шығару ұйымдастырылды. Ауыл қажетті азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтылған. Су деңгейін қадағалау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Алдын алу шаралары Құланөтпес ауылдық округының Ақтүбек елдімекенінде де өткізілді.
Аудан басшысы және ТЖД бастығы Нығман ауылының тұрғындарымен кездесті және сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар Баршино ауылындағы жеті ауыл округтерінің әкімдері мен кент белсенділері жиналған жиналысқа қатысты.
Су тасқыны жағдайы тұрақты, елдімекендерде су тасу қаупі жоқ.
Су тасқыны қаупі бар 4 елдімекендегі жағдайды бағалау үшін кезекті ұшіп өтуді өткізу 7-сәуірге жоспарланған.