Қарағанды облысындағы ең егде әжей 106 жаста

784

Қария екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданға шұлықтар мен жылы заттар тоқып жіберіп отырған. 

Қарағанды облысындағы ең егде әжей 106 жаста Фото: inbusiness.kz

Қарағанды облысында ғасырдан астам ғұмыр жасаған 21 қария бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олардың үлкендері 105 және 106 жаста. Олар Нұра ауданында тұрады.

106 жасында Тұмар Ысқақова өз бетінше үйден шығып, серуендеп, кітап оқиды және тігін тігеді. Ол Шет ауданында дүниеге келген, тұрмыс құрғаннан кейін Нұра ауданы Кертінді ауылына көшіп келген. Кейуана ауыр жұмысқа ерте жастан бейім, далада жұмыс істеген және мал баққан. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде ауылдастарымен бірге майданға сәлемдемелер жинап, сарбаздарға шұлықтар мен жылы заттар тоқыды.

Ол жұбайымен бірге екі ұл тәрбиеледі. Ғасыр жасаған әжейдің төрт немересі және сегіз шөбересі бар. Туыстары қолдап, көмектеседі. Егде жасына қарамастан, Тұмар Ысқақова жігер мен оптимизмді сақтап қалды.

105-ке толған Мария Толтанбаева Шахтерское ауылында қызымен тұрады. Ол көп балалы ана. Ерте жесір қалып, тоғыз баланы аяқтарына жалғыз өзі көтерген. Ол сауыншы болып жұмыс істеген, лайықты демалысқа шыққаннан кейін тағы жеті жыл жұмысын жалғастырған. Кейуана немерелер мен шөберелерге бай, екі шөбересі бар.

Қарағанды облысында 100 жасқа толған он әжей тұрады, 101—103 жастағы кейуаналар саны — тоғыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу