Қарағанды облысындағы газ құбырының құрылысы 2019 жылы басталады

862

Қарағанды облысындағы газ құбырының құрылысы 2019 жылы басталады

2019 жылы Қарағанды облысында жоғарғы қысымды "Сарыарқа" магистральді газ құбырының құрылысы басталады. Аймағымыздың 120 елдімекені мен алты ірі қаласын табиғи газбен қамту жоспарлануда, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
Газ құбырының құрылысы қалай болатынын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа баяндап берді.
"Наурыз айының басында президенттің тапсырмасына қатысты жаңа жұмыс тобы ұйымдастырылды. Оның құрамына Қарағанды облысыныі өкілдері де енді, себебі "Сарыарқа" газ құбырының негізгі бөлігі, атап айтсақ, 820 шақырымы біздің аймақ территориясы арқылы өтеді. Бүгінгі таңда белсенді фазада жер учаскелерін газ құбырының жүйелік бөлігіне бұру және жер үсті құрылымдар астына жіберу бойынша жұмыстар жүріп жатыр",- деді Анатолий Шкарупа.
Қарағанды облысының аумағында үш автоматтандырылған газ тарату стансасын құру көзделуде, олар үйлер мен кәсіпорындарға газ тарату кезінде газ қысымын азайту үшін қажет. Олар Жезқазған, Теміртау және Қарағандыда пайда болады.
"Энергетика министрлігі мен ҚазТрансГаз мәліметтері бойынша, бұл нысандарға қатысты мерзім 2020-шы жылдың ортасы. Сол кезде біз өзіміздің газ тарату жүйелерімізді магистральді газ құбырына қоса аламыз. 2019-шы жылы біз газ тарату жүйелерінің құрылысын бастауымыз керек", - дейді ол.
Анатолий Шкарупаның сөзінше, ары қарай облыстың елді мекендерін магистральді газ құбырына қосу қаржылық мүмкіндіктерге қатысты болмақ.
"Барлығын бірден қосу мүмкін емес. Біздің жобара үш газ тарату жүйелері бар, оларға ең жақын орналасқан елді мекендер бірінші болып қосылады",- деп түсіндірді Анатолий Шкарупа.
Газ жеке үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлерге беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар газ құбырының құрылысы аймақтардағы экологиялық жағдайды түзетеді деген үміт бар. Газдандыру атмосфераға таралатын зиянды заттар мөлшерін азайтуға көмектеседі, жәнеде жанар май ретінде арзан табиғи газды қолдану арқылы кәсіпкерлергеде өз пайдасын тигізеді.
Астананы, Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарын газбен қамтитын "Сарыарқа" магистральді газ құбырын құру төрт кезең бойынша жүргізілмек.
Бірінші кезеңде ұзындығы 1081 шақырымды құрайтын Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Астана бағыты бойынша магистральді газ құбырының құрылысы жоспарланған. Екінші кезеңде Астана мен Көкшетау аралығында, үшінші кезеңде Петропавловскқа дейін газ құбырын салу көзделген. Соңғы төртінші кезеңде "Жезқазған" және "Теміртау" компрессорлық стансаларын құру қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу