Әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған, оның 30-ы – мүгедек, 60-ы – зейнеткер.
"Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – деп жазылған хабарламада.
Тергеу мүддесі үшін бұдан басқа мәліметтер берілген жоқ.