Қарағанды облысындағы кен орнының жұмысшысы үйінді астында қалып, көз жұмды

644

Қайғылы жағдай Ақжал кентінде орналасқан кен орнында болды. 

Қарағанды облысындағы кен орнының жұмысшысы үйінді астында қалып, көз жұмды Фото: inform.kz

Қарағанды облысында кен орнының жұмысшысы үйінді астында қалып қойып, көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz облыстық еңбек инспекциясы басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға "Nova Цинк" ЖШС кен орнында болды.

"25 қаңтар күні кенді итермелеу жұмыстары кезінде 1999 жылы туған жұмысшы бункерге құлап кетіп, кен ағыны астында қалды. Салдарынан ол тыныс алу жолдарының асфиксиясынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша арнайы комиссия құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу