Қарағанды облысындағы кеншілер ереуілге шықты

974

Қарағанды облысындағы Шет ауданының кеншілері ереуілге шықты, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысындағы кеншілер ереуілге шықты

Публикацияда көрсетілгендей, күндіз ekaraganda.kz ақпарат агенттігінің редакциясына "Нова цинк" ЖШС "Ақжал" кенішіндегі жұмыскерлердің ереуілі туралы хабарламалар келген. Кеншілер қазіргі жалақы мөлшері олардың еңбегіне сай еместігін айтып, оны 50%-ға арттыруды талап етіп отыр. 

"Қазір "Нова цинк" ЖШС-нің "Ақжал" кенішінде жалақыға байланысты ереуіл болып жатыр: оны көптен бері өсірмеген, шахтада жұмыс істейтін адамдарға төленетін жалақы қазіргі еңбегіне лайық емес. Олар қажыды. Шет ауданының әкімі келген, бірақ біз бұдан ештеңе де өзгермейді деп қорқамыз. Жалақы көтермегендеріне көп болды, бұл туралы айтылғанына да біраз уақыт өтті. Былтыр да айтылды. Осыған дейін  жеке цехтарда ереуілдер болған. Нәтиже жоқ. Қалыпты еңбек жағдайлары мен жалақы туралы уәделеріне жарты жыл болды. Қазір барлық қызметкер ереуілге шықты. Біз жалақыны 50%-ға арттырғанын қалаймыз. Жұмыс шарттарымыз көңіл көншітпейді", – делінген ekaraganda.kz редакциясына келген хабарламада. 

Сонымен қатар публикацияда облыстық биліктің бұл жағдайдан хабардар екендігі мен келіссөздер жүріп жатқандығы туралы жазылған. 

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова "Nova-Цинк" ЖШС кәсіпорнының бірқатар қызметкерлері компания басшылығына өз талаптарын қойғандығы туралы айтқан. 

"Қазіргі таңда компания басшылығы мен бастамашыл топ арасында келіссөздер жүріп жатыр. Мұнда аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.К. Карсембаев пен аудан прокуроры Е.С. Жаппар да бар", – деді Марина Шаповалова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу