Қарағанды облысындағы көлде балық жаппай қырылды

598

Қарағанды облысының балықшылары Қарқаралы ауданының Жартас көлінде балықтың жаппай қырылуын анықтады. 

Қарағанды облысындағы көлде балық жаппай қырылды Фото: ekaraganda.kz

Оқиға орнына мамандар аттанды, деп жазады inbusiness.kz  ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, 30 сәуір күні әлеуметтік желілерде Қарқаралы ауданының Жартас көлінде балықтың жаппай қырылып жатқаны туралы видео тарады. Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары жағдайды анықтау үшін оқиға орнына барды. Қырылған балықтың жалпы салмағы 32 килограмды құрады. Оның ішінде тұқы – 27 келі, алабұға – 5 келі.

"Қарағанды облысы бойынша экология департаменті су сынамаларын алды. Облыстық ветеринария басқармасымен және облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп, санитариялық нормаларды сақтай отырып, өлген балықты жинау, кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар ұйымдастырылды", - деп хабарлады Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы.

Инспекцияның мәліметінше, Жартас көлі көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін "Әсел" шаруа қожалығына бекітілген.

Балықтардың қырылуының алдын-ала себебі ретінде су қоймасындағы оттегінің төмен концентрациясы деген болжам айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу