Қарағанды облысындағы қоян фермасы жобалық қуаттылығына шыға бастады

855

 Шаруашылыққа әсіресе, зоотехниктер мен қоян өсірушілер керек екен.

Қарағанды облысындағы қоян фермасы жобалық қуаттылығына шыға бастады

Аймақтағы қоян өсіретін жалғыз шаруашылық, биыл жануарлардың басын 2 мыңға дейін көбейтіп, еттің сатылым аумағын кеңейтпек. Теміртауда орналасқан бұл шаруашылық соңғы технологиялармен жабдықталған. Мәселен, қояндардың үйшіктеріне өзіндік кәріз жүйесі орнатылса, көжектер тұратын бөлме жылу және температура өлшегіш құралмен қамтамасыз етілген. Ал су мен жем автоматты түрде беріледі, деп хабарлайды 24.kz..

Қазір фермада 5 адам еңбек етіп жүр. Жобалық қуаттылыққа шыққан соң жұмысшылар қатары да көбеймек. Шаруашылыққа әсіресе, зоотехниктер мен қоян өсірушілер керек екен.

"Біздегі қояндардың барлығы асылтұқымды. Олар өте төзімді келеді. Себебі, мұнда жаз өте ыстық. Ал қыс, қатты суық", – дейді кәсіпкер Татьяна Потёмина.

Мұнда қояндарды соятын арнайы орын қарастырылған. Етті бөлшектеген соң оны қаптамаға салып, қатырып қояды. Ал, диеталық өнім әзірге облыс аумағында ғана сатылып жатыр.

Алдағы уақытта мұнда қоянның терісі де кәдеге жаратылады. Атап айтсақ, жүннен жасалған бұйымдар тігілмек. Оған қажетті қондырғы да сатып алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу