Көлік прокурорлары ҚТЖ қызметкерлерінің санаторийлерде емделу туралы жалған анықтамалар беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінн сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, Қарағанды көлік прокуратурасы "ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Қарағанды магистралдық желі бөлімшесі" қызметкерлерінің сауықтыру үшін қаражат жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.
“ҚТЖ мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған ұжымдық шартта жұмыс беруші мұқтаж жұмысшыларға жеңілдік шарттарымен санаторлық-курорттық емделуге жолдамалар беруге немесе медициналық көрсеткіштер болған жағдайда, 60 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге міндетті екендігі көрсетілген. Осы құжатқа сәйкес теміржол саласының қызметкерлері әр 3 жыл сайын емдік санаторийлерге жолдама алады. Осыған қоса барлық қаржылық шығындарды Ұлттық тасымалдаушы көтереді. Алайда ҚТЖ есептері мен курорттық ұйымдардың ақпараттарын салыстыру ҚТЖ филиалының емделуді қажет ететін әрбір үшінші қызметкері санаторийде іс жүзінде келмегенін және тиісті процедураларды алмағанын көрсетті”, - делінген хабарламада.
Мысалы, азамат А. осы жылдың наурыз айында сауықтыру орталығында демалғаны туралы құжаттар ұсынған. Алайда медициналық мекеменің жауабынан көрсетілген адамның оларда болмағаны анықталды.
Құзырлы орган Қарағанды облысының теміржол саласы қызметкерлерінің курорттық ұйымдардың қызметтерін алу туралы осыған ұқсас 100 жалған есептерін анықтады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.