Қарағанды облысындағы өрттен 4 газ баллоны шығарылды

269

Өрт сөндіру кезінде жарылыс қаупінің алдын алды.

Қарағанды облысындағы өрттен 4 газ баллоны шығарылды Фото: kaztag.kz

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласындағы Әубәкіров көшесінде екі пәтерлі тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері үйдің шатыры, жиһаздары мен тұрмыстық техникасы жанып жатқанын анықтады.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар жану аймағынан төрт газ баллонын алып шықты. Осылайша ықтимал жарылыс қаупінің алдын алды.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу