Қарағанды облысындағы шахтада кенші қаза тапты

1691

Ол құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алған. 

Қарағанды облысындағы шахтада кенші қаза тапты Фото: atomic-energy.ru

Қарағанды облысындағы "Саран" шахтасында 43 жастағы кенші көз жұмды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Qarmet" баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 наурыз күні түнде компанияның Көмір департаментіне қарасты "Саран" шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапқанын хабарлады.

"Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен", - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

"Qarmet" АҚ өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу