Қарағанды облысындағы табиғи өрт ошақтары жойылды

533

2022 жылғы 1-8 қыркүйек аралығында бір апта ішінде Қарағанды облысында ауа температурасының жоғарылауы салдарынан күрделі өрт қауіпті жағдай қалыптасып, облыстың 5 ауданы аумағында (Бұқар Жырау, Шет, Қарқаралы, Ақтоғай Нұра) табиғи өрттер мен жанудың көптеген ошақтары тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Қарағанды облысындағы табиғи өрт ошақтары жойылды

Өртті сөндіру секундына 20 метрге дейінгі желдің қатты екпінімен және кей жерлерде таулы аймақтармен қиындады.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында барлық ошақтар сөндірілді. 

Табиғи өрттерді жоюға барлығы 1540 адам және 461 бірлік техника, оның ішінде Қарағанды облысы ТЖД 307 адам және 73 бірлік техникасы, өртке қарсы ерікті бөлімшелері және жергілікті тұрғындар – 1 100 адам 358 бірлік техника, 133 адам және 36 бірлік орманшылық ұйымдарының техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу