Су өткізгіштер ауданындағы бірнеше жерде жолдарда шұңқырлар пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бейнежазбаны Қарағанды облысындағы Нұра — Осакаровка тас жолында жергілікті тұрғындар түсірген болатын. Онда екі жерде жол құлап, үлкен шұңқырлар пайда болды. Шұңқырлар таспамен қоршалған. Жолда жүру қауіпті. Автокөлік жүргізушілері эмоцияларын, ашуларын жасырмайды. Айта кету керек, атылмыш жол жақында күрделі жөндеуден өткен болатын.
Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында болған оқиғаны растайды. Жол су өткізгіштер аймағында құлады деп хабарлайды. Биылғы жылы су тасқыны салдарынан тас жолды шайып кетті. Ведомствода ақаулар тез арада жойылды, ал жақын арада осы трассада су өткізгіш құбырларды орташа жөндеу басталады деп айтылады.
"Ағымдағы жылдың өткен су тасқыны кезеңінің нәтижесінде облыстық маңызы бар Нұра-Осакаровка автожолының 59 шақырымында су өткізу құбырларын шайып кетті. Осы фактіні анықтағаннан кейін жол қызметі тиісті ескерту белгілерін қойды. Сонымен қатар, осы учаскеде су өткізгіш құбырларға орташа жөндеу жүргізу үшін сметалық құжаттама жасалды. Қазіргі уақытта смета ведомстволық сараптамадан өтуде. Өз кезегінде автожолда пайда болған ақауды жол қызметі жедел жойды. Айта кету керек, бұл учаскеде орташа жөндеу 2021 жылы жүргізілді. Оның аясында су өткізгіш құбырларға жөндеу жүргізілмеді", - деп жауап берді басқармадан.