Қарағанды облысындағы "Жасыл ел" жасақтарында екі мыңнан астам жасөспірім жұмыс істейтін болады

553

Облыстағы "Жасыл ел" жасақтарында 14 пен 16 жас аралығындағы 2211 жасөспірім еңбек етеді. Тағы 60-ы қосымша күш ретінде белгіленген. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айтылған. 

Қарағанды облысындағы "Жасыл ел" жасақтарында екі мыңнан астам жасөспірім жұмыс істейтін болады

Ағымдағы жылы жауынгерлерді уақытылы қабылдау үшін наурыздың 1-і мен 31-і аралығында бір реттік құжат қабылдау ұйымдастырылды. Барлығы 2,5 мыңнан астам өтініш түскен.

Жұмыс маусымына қатысушылардың барлығы "Жасыл ел" фирмалық киімімен қамтамасыз етіледі. Киім 25 мамырға дейін дайын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу