Қарағанды облыстық әкімдігінде өткен жиналыс барысында "Сарыарқа" магистралдық газ құбырының құрылысы" жобасын құрушылар негізгі техникалық шешімдерді ортаға салды.
"Бүгінгі күнге дейін техникалық-экономикалық негіздеме құрылды, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Және де жобалық-сметалық құжаттамаларды құру аяқталу кезеңінде", - деп мәлімдеді "ҚазТрансГаз" АҚ бас директорының орынбасары Серікқали Брекешев.
"ҚазТрансГаз" АҚ жобаның тапсырыс берушісі болып табылады, ТЭН құрушылар ретінде "КАТЭК" ЖШС консорциумы таңдалды. Негізгі техникалық шешімдерді жиналыс барысында жобалық ұйымның бас директоры Құндыз Нұпов таныстырды.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, магистралдық газ құбырының Астанаға дейінгі ұзындығы 1063 шақырымды құрайды, оның 764-і Қарағанды облысына тиесілі.
"Жер мәселелеріне, инфрақұрылымға қатысты негізгі жұмыс Қарағанды облысымен байланысты болады, - деп атап өтті баяндамашы. – Құрылыс екі қатармен жүргізіледі. Біріншісі Астанаға газ берумен аяқталады және де ол жұмыстардың ішіне құбырларды төсеу және газбен қамту жүйесін салу кіреді – ол 2018-2019 жылдар. Құрылыстың екінші қатары 2019-2020 жылдарға жоспарланып отыр".
Бірінші кезектің құны 264,4 млрд теңгені құрайды. Газ құбырының бірегейлігі – оның 100 атмосфера қысымға шыдай алатындығында.
"Қарағанды облысының үш қаласында орналасатын автоматтандырылған газ тарату станциялары бөлінген – Жезқазған, Қарағанды, Теміртауда. Сонымен қатар аудандарға арналған әлеуетті АГТС-ке қажетті 5 бұрмалар болады, оларды дайын болуына қарай іске қосып отырады, - деді Құндыз Нұпов. – Газбен Қарағанды облысының 119 елдімекені қамтылатын болады".
Есептеулер бойынша, жыл сайынғы инвестициялар 10-15 млрд теңгеге дейін жетеді. Газ құбырын салуда пайдаланылатын құрылыс материалдарын шығаратын қарағандылық кәсіпорындар таңдалып жатыр. Жобаны жүзеге асыру қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етеді: 2000-ға дейін адам құрылыс кезінде жұмыспен қамтылады, 1000-ға жуық жұмыскер газ құбырының қызмет етуін қамтамасыз ету үшін қажет болады.