Қарағанды облысында 15 ауылдық және Абай қаласының әкімін сайлау өтеді. Сайлау кампаниясы 3-ші сәуірде басталды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
ҚР "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңына сай бекітілген сайлау 4-ші мамырда болады.
Сайланған бірқатар әкімдердің құзірет мерзімі аяқталуда. Кейбірі өз еріктерімен қызметтерін босатқан немесе зейнеткерлікке шықты.
Әкімдерді сайлау бойынша шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілген.
Сәуірдің 3-нен 9-на дейін әкім лауазымына үміткерлерді шығару процесі өтеді. Сәуірдің 9-нан 12-не дейінгі аралықта ұсынылған кандидаттарды аумақтық сайлау комиссиясы тіркейді.
Кандидаттар жергілікті қауымдастықпен кеңес өткізілген соң ұсынылады. Ереже бойынша олардың жасы 25-тен төмен болмауға тиіс. Жоғары білімі болуы керек. Сайлауға басқа облыстың тұрғындары жіберілмейді.
Сайлаушылар жергілікті мәслихат депутаттары болады, құпия дауыс беру арқылы өтеді. Сайлаушылар отырысы депутаттардың жалпы санының үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Сайланған әкімдердің қызмет мерзімі – 4 жыл.