Қарағанды облысының 2 ауданында төтенше жағдай жарияланды

471

5 ауылда екі мектеп, колледж және бірнеше көпқабатты үйлер шатырынан айырылды. 

Қарағанды облысының 2 ауданында төтенше жағдай жарияланды Фото: google.com

Қарағанды облысының Шет және Абай аудандарында төтенше жағдай  режимін жариялау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 

Енді атқарушы органдар оларды қалпына келтіруге бюджеттен ақшаны пайдалануға құқылы. Алайда, Шет ауданында тек оқу орындарын жөндеуге шешім қабылданды.

"Шет ауданында боранның кесірінен агротехникалық колледж мен орта мектептің шатыры бұзылды. Шет ауданының әкімі Ақсу-Аюлы, Ақшатау және Кент кенттерінде ТЖ режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Осы шешімнің негізінде облыстық білім басқармасы тарапынан шатырларды қалпына келтіру іске асырылады", - деді Шет ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Құралұлы. 

Сондай-ақ, Теміртауда ТЖ режимін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Онда коммуникация қызметін қалпына келтіру керек. Қаланың көп бөлігі 10 қаңтарда жарықсыз, бірнеше шағын аудандар сусыз және жылыусыз қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу