Қарағанды облысының 4 мыңнан аса тұрғыны инсульттен кейінгі оңалтудан өтті

407

Сақтандыру мәртебесі бар азаматтар медициналық оңалтудан тегін өте алады.

Қарағанды облысының 4 мыңнан аса тұрғыны инсульттен кейінгі оңалтудан өтті Фото: gov.kz

Қарағанды облысында 4 мыңнан астам науқас инсульттен кейін тегін оңалтудан өтті, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өңірде бұл мақсаттарға 5,8 млрд теңге бөлінген.

Ақпаратқа сәйкес, аталмыш соманың көп бөлігі медициналық ұйымдарға төленеді.

"Инсульт алған 4600-ден астам науқасқа денсаулығын оңалту үшін қажетті көмек көрсетілді. Мысалы, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында жұмыс істейтін "Луч" нейрооңалту орталығы жыл басынан бері 600 науқасты қабылдады", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу