Қарағанды облысының Абай ауданында инватакси қызметі ашылды

797

Инватаксидің арқасында мүгедек жандар концерттерге, театрларға, көрмелерге, басқа да мәдени іс-шараларға қатыса алады.

Қарағанды облысының Абай ауданында инватакси қызметі ашылды

Қарағанды облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Абай ауданында инватакси қызметі құрылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

"Біздің ауданда 2750 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Жергілікті атқарушы билік оларға қажетті жағдайды қамтамасыз етуге тырысады. Біз бюджеттен инватакси құруға қаражат бөлдік. Бұл қызмет қозғалуға көмектесіп қана қоймай, қарым-қатынас мүмкіндігін кеңейтеді. Инватаксидің арқасында мүгедек жандар концерттерге, театрларға, көрмелерге, басқа да мәдени іс-шараларға қатыса алады", – деді аудан әкімі Бауыржан Асанов.

Қызмет үшін жеңіл автокөлік және шағын автобус қарастырылған. Инватакси бүкіл аудан бойынша қызмет көрсетеді. Арнайы жабдықталған көлікті 1 топтағы мүгедектері және жеке көмекшісі немесе арбасы бар мүгедек балалар пайдалана алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу