Қарағанды облысының әкімі тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды

234

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлім етті.

Қарағанды облысының әкімі тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды Фото: gov.kz

Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс басшысы облыстағы футбол қозғалысын жандандыруға және "Шахтер" ФК-ны премьер-лигаға қайтаруға көмектесетін міндеттерді алға қойған.

Сондай-ақ Ермағанбет Бөлекпаев балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырған. Ол үшін Теміртау, Балқаш және Саран стадиондарының базасында "Шахтер" ФК филиалдары ашылады.

"Бұл футбол клубына өз спортшыларын тәрбиелеуге және әлеуеті жоғары ойыншыларды клуб академиясына іріктеуге мүмкіндік береді. Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында турнирлер, сондай-ақ шахтер мен металлург күндері сияқты өңір үшін маңызды мерекелерге орайластырылған матчтар ұйымдастырылады. Бұл да жас дарынды футболшыларды іздеуге көмектеседі", – делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, Қарағандыда УЕФА стандарттарына сәйкес заманауи стадион, жыл бойы жаттығуға арналған футбол манежін салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар биыл облыс орталығында бас стадионды және өңірдегі бірқатар қаладағы стадиондарды жаңғырту жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу