Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек сайлауда дауыс берді

451

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Өңір басшысы Қарағандыдағы әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында орналасқан №42 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек сайлауда дауыс берді Фото: gov.kz

"Біздің учаскеде 1825 сайлаушы тіркелген, оның ішінде 37-і бірінші рет дауыс берушілер. Үйден сайлауға қатысу туралы өтініштер түскен жоқ. Таңғы сегізге дейін 60-қа жуық адам дауыс берді", – деді № 42 учаскелік комиссияның төрайымы Сабина Бижанова.

Дауыс беру процесін коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің тәуелсіз бақылаушылары қадағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, жалпы Қарағанды облысы бойынша дауыс беруге арналған 642 учаске бар. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, 770 мыңға жуық сайлаушы тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу