Қарағанды облысының әр екінші тұрғыны шағын және орта бизнесте жұмыс істейді

Өңір еліміздегі кәсіпкерлік жүргізудегі жеңілдіктер бойынша рейтингте екінші орында.   

Қарағанды облысының әр екінші тұрғыны шағын және орта бизнесте жұмыс істейді Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша, облыстағы бизнес климатты жақсарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Ал қазір шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,2%-ға өсті. Облыстың әр екінші тұрғыны шағын және орта бизнесте жұмыс істейді. Ондағы өнім шығару 1,2 трлн теңгеге жетті. 

"Облыс республикада бірінші болып бөлшек салық мөлшерлемесін екі есе төмендетті. Бизнесті қолдаудың жаңа шарасын 800-ден астам кәсіпкер пайдаланды. Осының арқасында өзгерістер енгізілген сәттен бастап салық төлеушілер саны алты есе өсті. Ірі компанияларға қызмет көрсетуге 800-ден астам ШОБ кәсіпорындары тартылған. Бұл қосымша жұмыс орындарын ұсынады. 6 мыңнан астам тұрғын жұмысқа орналастырылды. Өңірде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған нақты шаралар атқарылуда. Ұлттық жоба аясында 212 грант берілді. Жастардың бизнес-идеяларын іске асыру үшін жылдық 2,5% мөлшерлемемен несиелер және 365 кәсіпкерге гранттар мақұлданды. Жыл соңына қарай барлық бағдарламалар бойынша бизнесті қолдау жобаларының портфелін 5,5 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда. Оның 2 мыңнан астамы – жаңа жобалар", – деді спикер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу