Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері арзан турпакеттерге қызықпауға шақырды

1352

Қарағанды медициналық мекемесінде шетелге сапар кезінде инфекция жұқтырған ер адам мен әйел емделуде. 

Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері арзан турпакеттерге қызықпауға шақырды

Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров аймақ тұрғындарына үндеу жолдады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қарағандылықтарды Наурыз мейрамын шағын отбасылық шеңберде атап өтуге шақырды. Ол сондай-ақ алыс сапарлардан бас тартуды сұрады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Біздің елімізде коронавируспен күрес: қозғалыс аз болған сайын, таралу азырақ деген үндеумен өтуде. Сіздерді Наурыз мерекесін туған-туыстар мен жақындар арасында өткізуге, адамдар көп шоғырланатын орындарға бармауға, облыстан тыс жерлерге алыс сапарларды жоспарламауға шақырамын. Коронавирустық инфекциямен ауырғандар арасында жағдайы қолайсыз елдерге барған адамдар бар. Денсаулық сақтау министрлігінің бірнеше рет ұсынымдарына қарамастан, азаматтар жолдама бойынша барып қайтты. Тағы да өтінерім: төмен бағаға қызықпаңыздар. Арзан турлар сіздің жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірінен артық емес!, – деді Қанат Асқаров тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды медициналық мекемесінде шетелдік сапар кезінде жұқтырған ер адам мен әйел емделуде. Департамент басшысының айтуынша науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, олар барлық қажетті препараттар мен процедураларды алады.

Облыста коронавирустық инфекцияның жағдайы бақылауда, деп атап өтті ол. Санитарлық дәрігерлер алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын қадағалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу