Қарағанды облысының Ботақара кентінде балалар технопаркі ашылды

1286

Бұл робототехника мен IT-технологиялардың негіздерін түсініп қана қоймай, теледидар әлеміне енуге мүмкіндік береді.

Қарағанды облысының Ботақара кентінде балалар технопаркі ашылды

Қарағанды облысының Ботақара кентінде балалар технопаркі жұмыс істей бастады, деп хабарлайды  inbusiness.kz  өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Технопарк бірнеше білім беру блоктарынан тұрады. Онда "Жобалау шеберханасы. Жасыл технологиялар және экология кабинеті", "Дыбыс жазу студиясы", "Журналистика. Телестудия", "Hi-Тech цех", "Көркем модельдеу" үйірмелері жұмыс істейді.

Қарағанды облысының Білім басқармасы хабарлағандай, сәуір айында Осакаровкада да осындай технопарк ашу жоспарлануда. Соның арқасында Бұқар Жырау және Осакаров аудандарының 250 баласында тегін қосымша білім алу мүмкіндігі пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу