Бұл мәліметтер облыс әкімдігінің аппараттық кеңесінде хабарланды. Жер телімдерінің 277 мың гектары конкурстық негізде қордағы жердің есебінен берілсе, 90 мың гектары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында ұсынылды
Жер телімдерін ауылшаруашылығы мақсатына пайдалануда Ақтоғай, Қарқаралы және Осакаровка аудандарының шаруалары белсенділік танытты.
Сараптама қорытындысы, егіс даласының өсуі негізінен жер өңдеуге маманданған аудандарда ұлғайғанын көрсетті. Олар Осакаровка, Нұра және Абай аудандары. Қарқаралы мен Ұлытау аудандарында керсінше, егіс алқаптарының көлемі қысқарды.
Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Аян Шалмағамбетовтің мәлімдеуінше, кәдеге аспай тұрған егістік жердің көлемі 262,2 мың гектарды құрап отыр, 2017 жылы оның 151,1 мың гектары ауылшаруашылығы мақсатына пайдаланылады.