2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында алдын ала деректер бойынша Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен (ЕАЭО) өзара сауда көлемі 930 млн АҚШ долларын құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылғы қаңтар- мамырға қарағанда 2 есе көп.
Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, өзара сауда көлемінде экспорт 586,6 млн АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткішті 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстыра қарасақ экпорт 2,4 есеге ұлғайғанын байқауға болады. Облыста импорт көлемі– 343,4 млн АҚШ долларын құрады, өткен жылмен салыстырғанда шеттен әкелетін тауар көлемі 1,4 есеге көбейгенін байқаймыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу