Бұл тізімде Қарағанды облысының алты оқу орны бар.
Рейтингті "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы жариялады. Орындар 2022-23 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша бөлінді.
"Республиканың 314 мектебі үздік болу құқығы үшін күресті. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды 4 мектеп жеңіп алды; 9 мектеп екінші орынды бөлісті; 14 мектеп үшінші орынға ие болды. Рейтинг формула бойынша шығарылды, онда алтын медаль үш баллға, күміс медаль екі баллға және қола медаль бір баллға бағаланады, – деп атап өтті "Дарын" РҒПО. – Ең алдымен, бұл рейтинг – зияткерлік сайыста табысқа жетуге бар күш-жігерін жұмсаған оқушылардың, олардың мұғалімдері мен жаттықтырушыларының еңбегінің нәтижесі".
Рейтингте 21 және 22-жолдарда Қарағанды облысының № 1 "Білім-инновация" және Н. Нұрмақов атындағы екі лицей-интернаты орналасқан. Олимпиада қорытындысы бойынша олар үшінші орын иегерлері атанды.
Сонымен қатар, республиканың ең үздік жүз оқу орнына өңірден келесі мектептер:
- Қарағанды қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
- "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
- Балқаш қаласының С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы;
- Қарағанды қаласының № 2 лицейі.